Current Date: 11-09-2025

Кепілдендірілген сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізімі кеңейтілді

2025 жылғы 3 қыркүйектегі ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізіміне өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа редакцияға сәйкес кепілдендірілген сатып алу бағасы белгіленетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің тізіміне мыналар енгізілді:

  • құрғақ сүт (бүтін, майы алынған), сары май және қатты ірімшік өндіруге арналған шикі сүт;
  • бидайдан жасалатын құрғақ клейковина (бидай глютені).

Бұған дейін тізімде тек сүт болған еді.

Бұйрық 2025 жылғы 20 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.