Александр Бубликтің жарақатына байланысты құрамада өзгерістер орын алды.
Чхунчхон қаласында теннистен Дэвис кубогының матчында Қазақстан Оңтүстік Кореядан жеңіліп қалды. Алғашқы матчта кортқа әлемнің 97-ракеткасы Александр Шевченко мен дүниежүзілік рейтингіде 379-орында тұрған Чон Хён шықты. Чон 2018 жылы Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына дейін жетіп, рейтингіде 19-сатыға көтерілген. Бұл кездесуде Шевченко 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Ал, екінші матчта Қазақстанның бірінші, әлемнің 19-ракеткасы Александр Бублик жарақат алғаннан кейін матч барысында құрамға өзгерістер енгізуге тура келді.
Жұптық сында Александр Шевченко — Тимофей Скатов оңтүстіккореялықтар Пак Уй Сун — Нам Чжи Сунға есе жіберді — 2:6, 3:6.
Содан кейін әлемнің 220-ракеткасы Дмитрий Попко дүниежүзілік рейтингіде 379-орында тұрған Чон Хёнмен кортқа шықты.
Бірінші партия жергілікті теннисшінің пайдасына шешілді — 6:3. Екінші сетте Попко 5:1 есебімен алға кетті. Алайда сол басымдылығын пайдалана алмай, қатарынан бес геймді беріп қойды — 5:7.
Осылайша, оңтүстіккореялық команда есепті 3:1-ге жеткізіп, қазақстандықтарды қапы қалдырды.
Бұған дейін қос құрама екі рет кездескен. 2007 жылы Корея 5:0 есебімен жеңген еді. Кейін 2010 жылы Қазақстан Астанада дәл сондай есеппен қарымта қайтарған.
