Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Маңғыстауда мұнай-газ саласындағы миллиондаған қаржыны жымқырғандар сотталды

Айыпталушыларға қатысты прокурорлық тексерістер былтыр басталған.

Өткен жылы Маңғыстау облысының прокуратурасымен мұнай-газ кәсіпорындарында тексерулер жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты “Ақ Жайық” басылымына сілтеме жасап.

Тексеру нәтижелері бойынша “West Oil Software” ЖШС қызметінде материалдық қамтамасыз ету саласындағы бұзушылықтар анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Тергеу аясында кәсіпорында негізгі басшылық қызметтерді атқарған 3 адам ұсталды.

Сотпен барлық тұлғалар кінәлі деп танылып, әртүрлі жаза түрлері тағайындалды. Атап айтқанда, кәсіпорын басшыларының бірі бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сот үкімімен кінәлі деп танылып, 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.

Соттың қылмыстық істі мәні бойынша қаралу барысында сотталғандар 261 млн теңге көлемінде шығынды өтеген.