Астана хаб базасында «Ұлттық инновациялық жүйенің бір терезесі» іске қосылды.
Бұл туралы Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев хабарлады. Мұндай жаңашылдық Еговқа ұқсас болып келеді. Бірақ тек инноваторлар үшін жасалған. Яғни, енді инновациялық және ғылыми қоғамдастық мемлекеттік қолдау шараларына бір жерден-ақ қол жеткізе алады.
Жаслан Мәдиев, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі:
- Ұлттық инновациялық жүйенің бір терезесі ғалымдардың, стартаптардың және бизнестің бір цифрлы платформада қолдау алуы және тиімді өзара іс-қимыл жасауы үшін олардың қажеттіліктерін ескере отырып, әртүрлі пайдаланушыларға шешімдер ұсынады. Astana Hub экожүйесінде Deep Tech саласында өнімдерді дамытатын және айтарлықтай ғылыми базасы бар стартаптар құрылды. Кейбір компаниялар өз әзірлемелерін монетизацияға сәтті шығарып, 11 млрд жуық теңгеден астам табыс тауып, жүздеген жұмыс орындарын құрды.