Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Бұрынғы келіншегін балаларының көзінше аяусыз ұрып-соққан алматылық тұрғын ұсталды

Оқиға 28 тамыз күні болған.

Алматылық келіншекке 3 жыл бұрын ажырасып кеткен экс-күйеуі жұдырық ала жүгіріп, жақ сүйегін сындырған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полицейлер 36 жастағы ер адамды қолға түсірген.

Бұған дейін, қан-жоса болып таяқ жеген Дильбар Тимурова 3 апта өтсе де, ауқатты отбасыдан шыққан бұрынғы күйеуін құқық қорғау органдарының ұстамай жатқанын айтып, шағымданған болатын. Ол тіпті ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан да көмек сұрады.

Бірнеше жыл бұрын екі жаққа кеткен отбасының кәмелетке толмаған бір қызы және бір ұлы бар. Дильбар Тимурова экс-күйеуінің жауыздығы салдарынан жақ сүйегі сынып, миы шайқалғанын айтады.

Алматы Полиция департаменті арыз Жетісу ауданының полициясына 28 тамызда келіп түскенінен хабардар етті. Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 107-бабы “денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру” бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған.