Думан Рыспекұлы Оспанов Абай облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды облыс әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
“Президент Әкімшілігінің келісімімен, Абай облысының әкімі Берік Уәлидің өкімімен 2025 жылдың 3 қазанынан бастап Думан Рыспекұлы Оспанов облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Аймақ басшысы оны облыс активіне таныстырды”, — делінген әкімдік хабарламасында.
Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, Думан Рыспекұлы Оспанов 1979 жылы Абай облысы Мақаншы ауданының Мақаншы ауылында дүниеге келген.
2000 жылы Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетті “Қаржыгер-экономист” мамандығы бойынша, 2006 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын “Заңгер” мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы “Наурыз банк Қазақстан” АҚ-да бастады. Әр жылдары банк секторында, “Астана-Финанс” АҚ, “Өңірлік инвестициялық орталығы” ЖШС, “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ және “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-да түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.
2022 жылдан бастап осы тағайындауға дейін “ҚазАгроФинанс” АҚ басқарушы директоры болды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
