Әнші Мейрамбек Беспаев пен жұбайы Мархабат Бесбаева кіші қызы Айзияның 1 жасқа толған туған күніне орай тұсаукесер жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әншінің жұбайы Instagram желісіндегі парақшасында тойдың қалай өткенін көрсетті.
“Аллаға шүкір, тойымызды аман-есен өткізіп алдық. Барша құттықтап келген жанға мың алғыс”, — деп жазылған видео сипаттамасында.
Кадрлардан тойдың шымылдығын Мейрамбек Беспаевтың өзі қызына арналған әнімен ашқанын және сол әннің сүйемелдеуімен той қонақтарының алдында ашылған ақ гүлдің ортасынан Мархабат Беспаева мен кішкентай қызы Айзия шыққанын байқауға болады.
Тойды белгілі әзілкеш, актёр Қайрат Әділгерей жүргізген.
Тойға отбасының жақын туыстары, достары мен өнердегі ұстаздары мен әріптестері – Алтынбек Қоразбаев, Тұрсынбек Қабатов, Қайрат Нұртас сынды басқа да өнер қайраткерлері құттықтап келген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от (@m_besbaev)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
