Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Екі мыңнан астам оқушы Қазақстан ұстаздарына арнап ән шырқады (видео)

Алматыда Мұғалімдер күні қарсаңында екі мыңнан астам оқушы қатысқан ауқымды флешмоб өтті. Бұл туралы Алматы әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұл флешмоб аясында балалар “Ұстаздарға тағзым!” атты әнді орындап, осылайша, мұғалімдерге деген алғысы мен ризашылық білдірген.

Ауқымды флешмоб әр жастағы мектеп оқушыларын біріктіріп, өмірін білім беру ісіне арнаған жандарға арналған нағыз мерекелік қойылымға айналған.

Ерекше іс-шараның өтуіне Ораз Жандосов атындағы №105 гимназия мұрындық болған.

Айта кетелік, 5 қазанда Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні аталып өтті.

Мереке қарсаңында мемлекет басшысы мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бір топ ұстазды мемлекеттік наградамен марапаттады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ALMATY ÁKIMDIGI (@akimat_almaty)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз