Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов айтты.
Қазақтың тұңғыш бард ақыны, марқұм Табылды Досымов мінген "Волга" көлігі реставрациядан өткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Биыл қазақтың тұңғыш бард ақыны Табылды Досымовтың туғанына 60 жыл толады. Осыған орай, облыс әкімі Серік Жамбылұлының тапсырмасымен ақын мінген "Волга" автокөлігі реставрациядан өтетін болады.
Бұл игі істі Қайрат Талапұлы Нұртаевпен бірге жүзеге асырудамыз.
Табылды Досымовтың мұрасы – халқымыз үшін аса қымбат. Ақынның шығармашылығын дәріптеу, оны болашақ ұрпаққа жеткізу – ортақ парызымыз", — деп жазды Дарын Шамұратов Facebook парақшасында.