Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Тоқаев Душанбедегі Қабылдаулар сарайына барды

Мемлекет басшысы “Орталық Азия – Ресей ” саммитіне қатысу үшін Душанбедегі Қабылдаулар сарайына барды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаевты Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды.

Осыдан кейін “Орталық Азия – Ресей” саммитіне қатысушылар бірге суретке түсті.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізгенін хабарлаған едік.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екендерін растады.