Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

“Хан-Тәңірі” клубының жас шабуылшысы Диас Төлеу қайтыс болды

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҚФФ Диастың мезгілсіз қазасына байланысты оның отбасына, туған-туыстарына және командасына көңіл айтты.

“Жастығына қарамастан, Диас футболға деген ерекше ынтасы мен таланты арқылы көзге түсті. Оның өмірден ерте кетуі – қазақ футболы үшін орны толмас ауыр қаза. Бұл қиын сәтте біз оның жақындарының қайғысына ортақпыз”, – делінген ресми хабарламада.