11 наурызда Италияның Ливиньо қаласында фристайл-могулдан Әлем кубогының кезеңі басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан құрамасынан бұл жарысқа үш спортшы қатысады. Ерлер арасында Павел Колмаков бақ сынаса, әйелдер арасында Анастасия Городко мен Юлия Галышева жүлде үшін бақ сынайды.
Айта кетейік, Италияда сондай-ақ фристайл-акробатикадан да жарыстар өтеді.