Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Елімізде Қазақстан есімін иеленген қанша адам тұратыны белгілі болды

Мұндай қызықты деректі Ұлттық статистика бюросының телеграмдағы арнасы жария етті.

Ресми мәліметке сүйенсек, 30-ға жуық есімнің тек біреуі ғана әйел атына берілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстан есімді адамдардың көпшілігі Қарағанды облысында тұрады. Ол аймақта осындай ерекше есімді 7 адам бар.

– Ақмола облысында – 6 адам. Қостанай облысы мен Астанада – әрқайсысында 3 азаматтан, Алматы мен Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында – әрқайсысында 2 адамнан бар. Ал Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында бір-бір азаматтан тұрады, – делінген ресми арнадағы мәліметте.

Бір қызығы, 28 адамның арасында тек бір әйелдің есімі ғана Қазақстан екен. Ал жас ерекшеліктері бойынша ең қарт Қазақстан – 92 жасқа толып отыр, ең жасы 25-ке аяқ басқан.

Осыған дейін Ұлттық статистика бюросы елімізде қанша ірі қара мал бар екені туралы хабарлаған еді.