Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

“Қалыңдық атандым”: белгілі қазақстандық актриса тұрмысқа шығатынын жариялады

Қазақстандық актриса Әлия Әнуарбек қалыңдық атанғанын мәлімдеді. Бұл туралы актриса Youtube-тегі Mom’sкий әңгіме жобасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі биыл “Бақыт құшағында” мюзиклінің түсірілімінде басты рөлді сомдаған еді. Фильм сюжеті бойынша актрисаға сырға салу рәсімі өткен. Актрисаның айтуынша, сюжеттегі оқиға өз өмірінде де қайталанды. Сүйіктісі оған үйленуге ұсыныс жасаған.

“Бақыт құшағында” фильмінің түсірілімінде мен расында да бақыт құшағында болдым. Жолымды ашып, бағымды жандырды десем болады. Қазір қалыңдық атандым. Ұсыныс жасалды”, — деді актриса.

Айта кетейік, актрисаның бірінші жұбайы қатерлі ісікке шалдығып, 2020 жылдың қыркүйек айында көз жұмды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз