Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

АҚШ-тың әскери ұшағы апатқа ұшырады

Бортта екі адам болған.

АҚШ-тың Оклахома штатында оқу-жаттығу кезінде әскери ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Report агенттігіне сілтеме жасап.

АҚШ Әскери-әуе күштеріне тиесілі OA-1K Skyraider II үлгісіндегі ұшақ құлаған. Тиісті ақпаратты елдің Ұлттық гвардиясы X әлеуметтік желісінде хабарлады.

Ресми ақпарат бойынша әуе кемесінің бортында екі адам болған.

“Бүгін Уилл Роджерс әуе базасындағы 492-ші арнайы мақсаттағы бөлімшенің ұшағы апатқа ұшырады. Бортта экипаждың екі мүшесі болған. Бірі азаматтық мердігер, ал екіншісі АҚШ Әуе күштерінің әскери қызметкері”, – делінген хабарламада.

Апатқа ұшыраған ұшақ пен экипаж Ұлттық гвардияға тиесілі еместігі айтылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.