Current Date: 16-03-2025

"Шымкентте күн күрт ысып, Астанада боран ұйтқиды". Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күнде, яғни 2025 жылдың 6, 7 және 8 наурызында Астана мен Шымкентте ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

6 наурыз: аспан бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: -6...-8°C, күндіз: шамамен 0°C.

7 наурыз: аспан бұлтты, кейде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 9-14 м/с, кей тұста 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде: -3...-5°C, күндіз: 0...-2°C.

8 наурыз: аспан бұлтты, түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Боран соғып, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде: -5...-7°C, күндіз: 0...-2°C.

Шымкент

6 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні — 8-13 м/с, кей тұста 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: -1...+1°C, күндіз: +15...+17°C.

7 наурыз: аспан бұлтты, күн райы жауын-шашынды (негізінен жаңбыр). Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: +2...+4°C, күндіз: +4...+6°C.

8 наурыз: аспан бұлтты, түнде жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болады, күндіз жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 8-13 м/с, кей тұста 15-20 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +2...+4°C, күндіз: +10...+12°C.

Бұған дейін синоптиктер Алматыда алдағы үш күнде тағы да қар жауады деп болжанатынын жариялаған.