11 наурызда Қызылорданың әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты келініне тіл тигізді деп айыпталған жергілікті тұрғынның ісін қарады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азамат А.А. пәтерінде спирт ішімдігін ішіп масаң күйде келіні К.Ж.қарсы былапыт сөйлеп, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерiнсіз отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсеткен.
Сот отырысында А.А. өз кінәсін мойындап, жасаған әрекетіне өкінішін білдірді. Жәбірленуші сот отырысында қайын ағасы жасаған әрекетіне кешірімі сұрағанын, қазіргі кезде екеуі мәмілеге келіп, татуласқанын, А.А.-ға кешірім бергенін айтқан.
"Азамат А.А. қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-бөлігімен қозғалған іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды. А.А. жәбірленушімен татуласуына байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды". Қызылорданың әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты