Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында гандбол сайысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
25 қазанда Қазақстан қыздар құрамасы Өзбекстанмен өзара мықтыны анықтады.
Нәтижесінде отандастарымыз 31:23 есебімен жеңіске жетті. Осылайша ұлттық құрама А тобында екінші орында тұр.
