Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Таеквондодан Қытайдағы әлем чемпионатында Айдана Құмартаева қола медаль алды

Қазақстан құрамасы ел қоржынына екінші жүлдесін салды.

Отандасымыз Айдана Құмартаева халықаралық жарыста қола медаль жеңіп алды. Ол 46 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік үш спортшының қатарына енді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жартылай финалда түрік спортшысы Эмине Гёгебаканмен кездескен Айдана қарсыласына есе жіберді. Осылайша, қазақстандық спортшы әлем чемпионатын үшінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін Нодира Ахмедова да қола медальға ие болған еді.