Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Семейдегі мектеп асханасында расымен тышқан қосылған тоқаш берілді ме: сараптама нәтижесі шықты

Семейдегі мектептердің бірінде 11-сынып оқушысы сатып алған тоқаштан жүн шыққан еді. Кейін ата-аналар мұны тышқанның терісі деп ойлап, шағым түсірген. Санитария-эпидемиология мамандары сараптама жүргізіп, асхана қожайыны 600 мың теңгеден астам айыппұл арқалады.Тіпті тазалық талаптарын сақтамағаны үшін кәсіпкер мектеп асханасындағы жұмысын тоқтатуға тиіс, деп хабарлайды “КТК” арнасы.

Айқай-шудан кейін оқушылардың базынасын бұғып қалған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына сөгіс жарияланды. Ал білім ошағының асханасын жоспардан тыс тексерген санитария-эпидемиология мамандары сараптама қортындысы бойынша “тағамның ішінен шыққан жүн тышқандыкі емес” деген қорытындыға келіпті.

Дегенмен асханадағы тазалық талаптары бұзылғаны анықталған. Кәсіпкерге 629 мың теңге айыппұл салынып, мектептегі қызметін тоқтату туралы нұсқама берілген.

“Санитария-эпидемиология заңнамалары бұзылғаны анықталды, ол кісіге Әкімшілік кодекстің 425-бабына сәйкес, әкімшілік хаттама толтырылды. Жедел ден қойылып, қаулы шығарылды. Мектеп асханасындағы жұмысы тоқтатылады”, — дейді Семей қаласы, Санитария- эпидемиологияны бақылау басқармасының басшысы Шыңғыс Шоқышев.

Дереккөз: “КТК” арнасы

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз