Күдікті ұсталды.
Астанада Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаров қаза тапты. Бұл ақпаратты елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
Ресми мәліметке сәйкес, 56 жастағы Ержан Бабақұмаров таныс адаммен арасындағы жанжал кезінде алған жарақаттарынан көз жұмған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
