Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Қанат Шарлапаев тағы бір лауазымынан айырылды

“Бәйтерек” Ұлттық басқарушы холдингі” АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Енгізілген өзгерісті ескере отырып, “Бәйтерек” Ұлттық басқарушы холдингі” АҚ Директорлар кеңесі тоғыз адамнан тұрады.

“Бәйтерек” Ұлттық басқарушы холдингі” АҚ (KASE – BTRK тикері) жалғыз акционерінің 2025 жылдың 14 қазанындағы шешімімен Қ.Б.Шарлапаев қоғамның Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін Қанат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылғанын жазған болатынбыз.