Синоптиктер 11, 12, 13 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Еліміздің солтүстік жартысындағы ауа райына солтүстік-батыс циклоны ықпал етеді. Соның салдарынан қар жауады, боран соғып, жел күшейеді, жолдарда көктайғақ болады.
Ал елдің батысында, оңтүстігінде антициклон әсерінен күн шуақты болады. ҚР бойынша тұман түседі.
Елдің солтүстігінде ауа температурасының түнде 5-10-дан 12-17-ге дейін, күндіз 0-5 аяздан 2 аязға дейін-3 жылы, елдің шығысында 5-13-тен 15-25-ке дейін, күндіз 6-3-градустан 4-13 градусқа дейін болады.
Елдің батысында, оңтүстігінде ауа температурасы ауытқиды: түнде 4 аяз болып, одан кейін жылиды, күндіз 5-13-тен 10-22 градусқа дейін өзгереді.