Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Александр Бубликтің Париждегі “Мастерс” турнирінің ширек финалындағы қарсыласы анықталды

Әлемдік рейтингте 14-орында тұрған ресейлік теннисші Карен Хачанов Парижде (Франция) өтіп жатқан “Мастерс” сериясындағы турнирдегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

sportarena.kz дерегінше, үшінші айналымда ол әлемнің алтыншы ракеткасы, австралиялық Алекс де Минордан 2:6, 2:6 есебімен жеңілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Karen Khachanov |Карен Хачанов (@karenkhachanov)

Ойын 1 сағат 10 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Хачанов үш эйс жасап, бір қос қате жіберді және үш брейк-пойнттың бірде-бірін жүзеге асыра алмады. Ал де Минордың еншісінде екі эйс, екі қос қате және бес мүмкіндіктің төртеуін тиімді пайдаланып жасаған брейктер бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Erste Bank Open (ATP 500) (@erstebankopen)

Осылайша, Париждегі “Мастерс” турнирінің ширек финалында Алекс де Минор Қазақстан теннисшісі Александр Бубликпен кездеседі.

Бұл кездесудің жеңімпазы ATP 1000 турнирінің жартылай финалына, сондай-ақ ірі сыйақы мен рейтингтік ұпайларға ие болады.