Қостанайда Рудный қаласының бұрынғы прокурорына сот үкімі шықты. Оған құрылыс басқармасын тексеруді тоқтату үшін 20 млн теңге пара алмақ болды деген айып тағылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ “ТоболИнфо”-ға сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Мұрат Оспанов өз кінәсін мойындады, сондықтан іс қысқартылған тәртіпте қаралды. Үш тыңдаудан кейін сот үкімді жариялады.
Рудный қаласының бұрынғы прокуроры 4,5 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ өмір бойына қандай да бір мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне тыйым салынды. Ал жазасын орташа режимдегі түзеу мекемесінде өтейді. Сондай-ақ ол “аға әділет кеңесшісі” атағынан айырылды.
Сотталушының балаларының болуы, өкінуі, кінәсін мойындауы жазасын жеңілдететін мән-жайлар ретінде саналды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
