Current Date: 15-03-2025

Қиялдан туған мұқаба

1965 жылы АҚШ-та Дж. Р.Р.Тол­киеннің «Хоббит» романы алғаш рет жұмсақ мұқабамен басылып шықты. Кітап мұқабасын Барбара Ремингтон есімді суретші салды.

Бірақ оған берілген уақыт өте тығыз болған. Сондықтан суретші шығарманы оқымаса да, қиялына ерік беріп, мұқа­баның дизайнын жылдам жасап шығады. Нәтижесінде, мұқабада романға түк қатысы жоқ арыстан, екі түйеқұс және қызғылт жемісі бар ағаштар бейнеленді. Әлбетте, жазушы бұл суретті мүлдем ұнатпады, бірақ кітаптың сатылымы өте жоғары болған.