Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Ербол Мырзабосынов Азия елдерінің спорт министрлері отырысында сөз сөйледі

Жиынға Азия мен Таяу Шығыс елдерінің спорт саласындағы басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Қазақстанның Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Ресейдің Самара қаласында өткен Азиядағы өзара іс-қимыл жөніндегі диалогқа мүше елдердің спорт министрлерінің алғашқы отырысына қатысты.

Министр спорттың мәдениет пен денсаулықтың ғана емес, дипломатия мен бірліктің де маңызды құралы екенін атап өтті. Ол Қазақстанда спорт инфрақұрылымын дамыту және халықтың спортқа қолжетімділігін арттыру бағытында жүйелі саясат жүргізіліп жатқанын айтты. 2026 жылы елімізде бірнеше спорт түрінен Әлем кубогы кезеңдері мен Гран-при жарыстары өтетіні белгілі болды.

Сондай-ақ Ербол Мырзабосынов “Ресей – спорт державасы” халықаралық форумында сөз сөйлеп, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, асық ату және құсбегілік сынды ұлттық спорт түрлерінің ЮНЕСКО мұрасына енгенін және олардың белсенді насихатталып жатқанын айтты.