Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Қазақстанның оңтүстігінде кең таралған пайдалы қазбалар заңсыз өндірілген

Түркістан облысында прокурорлар жер қойнауын заңсыз пайдаланудың жолын кесті және меморандумды бұзды, деп хабарлайды өңірлік прокуратурға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, Түркістан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жер қойнауын заңсыз пайдалану жағдайларын болдырмау және алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастырған.

Дрон құрылғысының көмегімен Сауран ауданы аумағындағы “Құрсай” өзені бойында жер қойнауының тұтастығын бұза отырып, кең таралған пайдалы қазбалардың (құм-қиыршықтас қоспасы) заңсыз өндірілгені анықталған.

“Жер қойнауын заңсыз пайдалану халық наразылығын тудыратын және қоғамдық-саяси тұрақтылық пен қоршаған ортаға теріс әсер ететін факторлардың бірі болып табылады”, — делінген хабарламада.

Прокурорлық қадағалау актілерінің негізінде заңсыз жасалған меморандум бұзылып, тәртіптік теріс қылыққа жол берген Шаға ауылдық округінің әкімін қызметінен босату ұсынылған.

Сондай-ақ аудан әкімінің орынбасары мен полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз