Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдары тергеуді бастады.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында студент көз жұмды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Полицияның дерегінше, жасөспірімнің өлімі бойынша Байзақ ауданында қылмыстық іс қозғалды.
“Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтау бойынша тергеу жүріп жатыр. Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді”, – деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаменті.
