Current Date: 14-03-2025

Жоғары аудиторлық палата мүшесі тағайындалды

Мәжіліс кандидатурамен келісті .

Рахымжан Ділдаев Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Мәжіліс Жоғарғы аудиторлық палата мүшелігіне Рахымжан Ділдаевтың кандидатурасын келісті.

Рахымжан Ділдаев 1971 жылы туған. Әулиеата университетін заңгер, экономист-қаржыгер мамандықтары бойынша аяқтады. Сондай-ақ Ресей академиясында білім алған. Еңбек жолын 1998 жылы бастады. 20 жыл бойы Кірістер комитеті мен Қаржы министрлігінің құрылымдарында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2020 жылдан бастап осы уақытқа дейін Алматы қаласы мен Жамбыл облыстары бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінде басшылық лауазымдарда болды.