Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Алматыда да тұмауға байланысты шектеулер енгізіле ме

Елімізде жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауырған адам санының артуына байланысты Алматы қаласында да шектеу шаралары енгізіле ме? Бұл сауалға Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Kazinform агенттігіне жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Агенттік сауалына жауап берген департамент қалада әлі ешқандай шектеулер енгізілмейтінін, ал мектептерде оқыту режимі өзгеріссіз қалатынын хабарлаған.

Ведомствоның мәліметінше, мегаполисте қазіргі уақытта ЖРВИ бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Өткен аптада тұмаумен аурудың 23 786 жағдайы тіркелген, бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 18,9 пайызға жоғары (19 288 жағдай). Ауру жұқтырғандардың 63,4 пайызы балалар. Жалпы ЖРВИ диагнозымен 519 пациент, пневмониямен 79 пациент ауруханаға жатқызылған.

Жаңа эпидемиологиялық маусым басталғалы бері қалада ЖРВИ жұқтырудың 113 390 жағдайы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,6 пайызға жоғары.

Сондай-ақ A/H3N2 типті, яғни гонконг тұмауын жұқтырудың 13 жағдайы тіркелген (әйелдер арасында – 12, әскери қызметшілер арасында – 1).

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз