Current Date: 15-03-2025

Түрік дәрігері NASA астронавттарының денсаулығын тексереді

Оңтүстік Флорида университетінің (АҚШ) акушерия және гинекология кафедрасының ғылыми қызметкері түрік дәрігері Бегюм Айдоган Матик NASA зерттеу миссиясына қатысады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Түрік дәрігерінің жұмысы NASA-мен бірге америкалық астронавттардың әйелдер тобының мүшелерін толық тексеруден өткізуге бағытталған. Миссия 2026 жылы Virgin Galactic ғарыш кемесінің бортында өтеді.

Бегюмнің айтуынша, ол АҚШ-қа инновациялық жобаларға белсенді қатысу мақсатында көшіп келген. Түрік дәрігері бұған дейін Хьюстондағы Джонсон атындағы ғарыш орталығында Авиация және ғарыш медицинасы бойынша тағылымдамадан өту бағдарламасына қатысқан және NASA STAR бағдарламасы арқылы «ғарыш медицинасы» бойынша біліктілігін арттырған.

Ол АҚШ-та әйел ғарышкерлердің денсаулығын қамтамасыз ету үшін медициналық стандарттар мен технологияларды әзірлеуге белсенді қатысып жүр. Белгілі болғандай, оның акушерия және гинекологиядағы тәжірибесі әйел экипажын ғарыштық миссияларға дайындауға белгілі үлес қосып келеді.