Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвили мемлекет қаражатын ысырап етті деген айыппен 9 жылға бас бостандығынан айырылды.
РИА Новости агенттігінің жергілікті телеарнаға сілтеме жасап жазуынша, Саакашвилиге мемлекет қаржысын ысырап етті деген айып 2014 жылы тағылған.
Іс материалдарына сәйкес, Саакашвили президент болған тұста мемлекет қаражатына пиджактар, пальто, қолға тағатын сағат алған. Сондай-ақ ұлының оқу ақысын төлеп, косметикалық процедурлар жасатып, қымбат авткөліктер мен ұшақты жалға алған.
Грузияда "Пиджактар ісі" деген атпен белгілі істі Тбилиси қалалық соты қарап, экс-президентті 9 жылға бас бостандығынан айырған.
ТАСС агенттігінің жазуынша, Саакашвилидің өзі сот отырысына келмеген, тіпті, бейнеконференция байланысы арқылы да қосылмаған.
Сонымен қатар сот Саакашвилидің күзет қызметінің бұрынғы басшысы Теймураз Жанашияны да кінәлі деп тапқан, бірақ оған айыппұл салынған.