Көшкін салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аумағында қар көшкіні жүрді. Бұл туралы Алматы облыстық ТЖД хабарлайды.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 06:05-те облыстық маңызы бар "Түрген–Батан" автожолының 22 және 23 шақырымы арасында қар көшкіні жүрді. Көлемі — 200 текше метр. Көшкін салдарынан зардап шеккендер жоқ.
"Түрген өзенінің арнасында су еркін өтіп тұр. Жағдайды бағалау және жолды тазарту үшін Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкері мен бір техникасы, "Қазселденқорғау" мекемесінің екі маманы мен бір техникасы жіберілді. Қазіргі уақытта жолды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жүргізушілерге жағдайды ескеріп, көрсетілген маршрут бойынша жүруден уақытша бас тарту ұсынылады", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: 12 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды