Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Алматы әуежайының өкілдері жолаушыларға шектеулер туралы ескертті

Оңтүстік астана әуежайының өкілдері жолаушыларға маңызды мәлімдеме жасады. Ресми ақпаратқа сәйкес, әуежай аумағында жөндеу жұмыстары салдарынан көлік қозғалысына шектеулер енгізіліп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жолаушыларға 4–11 желтоқсан аралығында Б. Майлин көшесінен әуежай аумағына кіретін негізгі жол бөлігінде сыртқы аралды алу және асфальт төсеу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы ескертілді.

Осыған байланысты уақытша 1 кіру және 2 шығу жолы жабылады. Қалған кіру және шығу жолдары қалыпты режимде жұмыс істейді.

“Әуежайға барар жолыңызда осы ақпаратты алдын ала ескеруіңізді сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және түсіністік білдіргеніңіз үшін алғыс айтамыз”, — делінген ресми хабарламада.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз