Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Еліміздің бір өңірінде аязға байланысты оқушылар қашықтықтан оқуға көшті

Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында ауа температурасының төмендеуі мен қатты желге байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтықтан оқуға жөнелтілді, деп хабарлайды Kazinform.

Жергілікті білім басқармасының басылымға хабарлауынша, бірінші ауысымдағы оқушылар мен 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқытылып жатыр.

Бұл шектеу аудандағы №1 Ұзынкөл орта мектебі, К.Дөненбаева атындағы орта мектеп және Троебратская орта мектебіне қатысты.

Айта кетейік, бұл өңірде ауа температурасы желмен бірге -25°С-қа дейін төмендеді.

Ал басқа сынып оқушылары қалыпты оқуларын жалғастырып жатыр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз