Қос құрама алғашқы таймда бір-бірінің осал тұсын таба алмай сарсаңға түсті.
Алматылық “Қайрат” Чемпиондар лигасының 6-турында өз алаңында грекияның “Олимпиакос” командасын қабылдап, 1:0 есебімен жеңілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қос құрама алғашқы таймда бір-бірінің осал тұсын таба алмай сарсаңға түсті. Бірінші таймның орта шебінде “Олимпиакос” алматылық клубтың қақпасына гол соқты.
Бірақ футболшы ойыннан тыс қалғандықтан (офсайд) гол есепке алынбады. Нәтижесінде бірінші таймды екі команда да есеп аша алмады.
Ал екінші таймда “Қайраттықтар” қарқынды үдеткімен “Олимпиакостың” қорғаныс шебін бұзып өте алмады. Ойын барысында сары-қаралардың темір қақпашысы Темірлан Анарбеков қақпаны голдан бірнеше аман сақтап қалды. Алайда 73 минутта қарсылас сапынан Мартинш есеп ашты.
Осылайша “Қайрат” пен “Олимпиакос” арасындағы матч 1:0 есебімен грекия құрамасының пайдасына аяқталды.
