Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Германиядағы банктік шоттарды бұзды деген күдікпен қазақстандық азамат ұсталды

Тінту барысында деректерді сақтаудың техникалық құрылғылары және өзге де заттай дәлелдемелер алынды.

Алматы облысында Қазақстан азаматы Германия азаматтарының банктегі шоттары мен дербес деректеріне заңсыз қол жеткізді деген күдікпен ұсталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

9 желтоқсан күні жедел іс-шараларды ҚР Бас прокуратурасының үйлестіруімен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Германияның Федералдық криминалдық полициясымен бірлесіп өткізді.

Алдын ала болжам бойынша, келтірілген шығын көлемі бірнеше жүз мың еуроны құрайды. Тиісті айғақ заттар табылып, барлығы тәркіленді.