Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Мобильді аударымдарға өзгерістер енгізілді

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Қазақстанда 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мобильді ақша аударымдарын бақылаудың жаңа критерийі енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін бір ғана талап ескерілген. Нақты айтқанда, бірнеше адамнан қатарынан 3 ай ішінде 100 рет және одан да көп аударым түссе кәсіпкерлік қызмет белгісі болып есептелетін.

Енді оған қосымша тағы бір шарт енгізіледі, 3 айдағы жалпы түсімнің 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) 1 020 000 теңге асуы енгізіліп отыр.

Егер сіздің жеке шотыңызға (кәсіпкерлікке арналмаған) қатарынан 3 ай бойы 100 түрлі адамнан ақша түскен болса әрі жалпы сома 12 ең төменгі жалақыдан (ЕТЖ) асса, ондай операциялар кәсіпкерлік кіріс ретінде қарастырылады.