Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Енді Қазақстанның тағы бір қаласынан Грузияға тікелей ұшуға болады

Шымкенттен Грузияға жаңа әуе бағыты ашылды, деп хабарлайды Көлік министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Осы жылдың 15 желтоқсанынан бастап қазақстандық SCAT әуекомпаниясы Шымкент – Тбилиси бағыты бойынша Грузияға жаңа әуе бағытын іске қосты.

Рейстер аптасына 2 рет – дүйсенбі және жұма күндері — Boeing 737 MAX 8 және Boeing 737–800 типті әуе кемелерімен орындалады.

Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық және туристік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтіліп отыр.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз