Сарыағаштағы медреселердің бірінде Әбдужаппар Сманов шәкірттеріне аяғын уқалатып қойған.
Аталмыш видео желі қолданушыларының наразылығын тудырып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Видеоны өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жариялаған журналист Ораз Әлімбек бұл көрініс мүфтияттағы былықтың бергі жағы ғана екенін айтты.
«Балаларға медресенің бас ұстазы Әбужаппар Сманов бұтын уақалатып қойыпты. Сонда Оқу-ағарту министрлігі медересе шәкірттеріне Смановтың бұтын уқаласын деп бюджеттен жүздеген миллиондап ақша бөле ме?!. Мынау Смановқа тоқтау болмаса, ертең табанын жалатып, бас бармағын сордырады ғой ақыл тоқтатпаған балаларға.
Мен қанша мәрте айттым, мүфтияттың іші де, медреселері де былық деп — тергеп-тексеріп, бәрін сотқа тартып жазасын беру керек. Мынау Смановтың бюджет қаржысына бұтын уқалатуы мәселенің бергі жағы ғана… Мүфтият жүйесінде бұдан басқа да азғындық көп. Оның біразы жазылды, айтылды, бірақ құзырлы органдар мүфтиятқа келгенде түк көрмегендей айналып өтеді. Мынау Сманов деген оңбағанды сотқа беріп, жазалап, патша көңілді пәпігін басатын азамат Түркістан облысынан табылмай ма?!. Мынандай қорлыққа зайырлы қазақ қашанға дейін шыдайды?!.», — деп жазды ол.