Биыл Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру өтеді. Қорғаныс министрлігі әскери шеруге дайындық шараларына байланысты 13 наурыздан бастап жеке құрамды және әскери техниканы теміржол көлігімен тасымалдау басталатынын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
Кей әскери техникалар күре жол бойымен де қозғалады.
Ведомство осыған орай еліміздің кейбір аймақтарындағы жолдардың жекелеген учаскелерінде жол қозғалысына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Сондай-ақ, осы жылдың 22 сәуірі мен 7 мамыр аралығында әскери авиацияның ұшу жаттығуларына дайындық кезінде Астана қаласында әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер қойылады.
«Осыған байланысты әуе рейстерінің кестесіне де өзгерістер енгізілуі мүмкін. Біз азаматтарға рейстер туралы ақпаратты алдын ала нақтылауды ұсынамыз», делінген Қорғаныс министрлігі таратқан ресми хабарламада.