Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Мақпал Жүнісова: Маған “Халық әртісі” берілгенде күйеуім қуанған жоқ

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында “Халық әртісі” атағына қатысты теріс пікір айтқандарға жауап берді. Бұл туралы ол Instagram желісінде жазды.

Ол желідегі парақшасында композитор Қалдыбек Құрманәлінің сұхбатынан өзі туралы айтқан үзіндісін бөлісті. Сазгер Мақпал Заманбек Нұрқаділовке тұрмысқа шықпаса да, бәрібір Халық әртісі атанып, мемлекеттік сыйлыққа ие болатынын айта келе, “Мақпал – Алладан әнші болып туған, дауысы мен болмысы бөлек өнер иесі”, — деді.

Мақпал Жүнісова продюсердің бұл ойына пікірін жазды.

“Қалдыбек жақсы нүкте қойыпсыз. Аузы қышығандар бар әлі де маған дайрекке жазатын, бірақ ондайларға жауап беруге де құлқым жоқ. Бір айтарым ғана бар — маған “Халық әртісі” берілгенде күйеуім қуанған жоқ… Бірақ кейіннен менің әншілігімді “мойындадым” деп үлкен баға бергеніне мен қатты қуандым”, — дейді ол.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз