Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Аязға байланысты екі өңірдің оқушылары қашықтан оқиды

Атап айтқанда, “Соловьев орта мектебі” КММ, “Чапаев орта мектебі” КММ, “Новокрестьянка бастауыш мектебі” КММ.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің екі өңірі – Семей қалсы мен Қостанай облысының бірінші ауысымда оқитын сыныптары қашықтан оқуға ауыстырылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Семей қаласының мектептерінде 2025 жылғы 22 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына (қатты аяз) байланысты 1- ауысымда оқитын 1-4 сынып оқушылары үшін сабақтар қашықтық форматқа ауыстырылады, – делінген білім бөлімінің хабарламасында.

Ал бүгін Шығыс Қазақстан облысының Алтай аймағында ауа температурасының -28 тен -36 градусқа дейін төмендеуіне байланысты мектептердегі 1-ші және 2-ші ауысымдағы 0-4 сыныптар қашықтықтан оқытуға ауыстырылады.

Қостанай облысының Қарасу ауданында ауа температурасы -18 жетіп, желдің күшеюіне байланысты өңірдегі 14 мектептің 1-11 сынып оқушылары қашықтан оқитын болды.

Ал Жангелді ауданында бірінші ауысымда оқитын бірінші сыныптың оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды.