ҰҚК-ның бұрынғы төрағасына тиесілі үй бұған дейін де сатылымға шыққан еді.
Бірақ, кең сарайдай үйдің аукционы ешқандай қатысушының тіркелмеуінен өтпей қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Сатып алуға ешкімнің зауқы соқпаған зәулім үй кезекті рет саудаға шығарылып отыр.
– Аукцион аясында Астана қаласы, Нұра ауданы, Қараөткел шағын ауданы, Ерейментау көшесі, 1-құрылыс мекенжайында орналасқан жертөлесі бар тұрғын үй сатылымға қойылады. Нысан барлық қатысушы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ашық және бәсекеге қабілетті шарттарда жүзеге асырылады, – делінген компанияның ресми сайтында.
10 ақпандағы жарияланған алғашқы сатылымда жертөлесі бар тұрғын үйдің бастапқы бағасы 1 883 338 958 теңге болған еді.
Десе де, 25 ақпанда өткен аукционда Кәрім Мәсімовтің зәулім үйін алуға ешкімнің зауқы болмады.
Айта кетейік, ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарлары қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін "мемлекетке опасыздық жасады" және "мемлекеттік ұйымдастырмақ болды" деген күдікпен қамауға алынды.