Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

2025 жылғы Президенттік арнаулы әдеби сыйлық иелері белгілі болды

Биыл үздік қаламгерлер үшінші мәрте анықталды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлықты беру жөніндегі комиссияның шешімі негізінде қаулыға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Президенттік арнаулы әдеби сыйлық иелері:

  • “Проза” номинациясы: “Тергеуші” туындысы үшін Арман Әлменбет;
  • “Поэзия” номинациясы: “Құмдағы хикая” өлеңдер жинағы үшін Саян Есжанов;
  • “Драматургия” номинациясы: “Ақ киіз” драмалық шығармасы үшін Бауыржан Мұстафиев;
  • “Балалар әдебиеті” номинациясы: “Жазда атамның ауылында…” өлеңдер жинағы үшін Асылан Тілегенов.

Еске салайық, Президенттік арнаулы әдеби сыйлық биыл үшінші мәрте беріліп отыр. Ол жас қаламгерлерге мемлекеттік қолдау көрсету, дарынды ақын-жазушылардың жаңа буынын қалыптастыру мақсатын көздейді. Әдеби сыйлыққа 18-35 жасқа дейінгі қаламгерлер үміткер бола алады.


Оқи отырыңыз:

  • Қытайдағы қазақ жазушысы ҚХР Мемлекеттік әдеби сыйлығын иеленді
  • Жас қаламгерлерге арналған Президенттік әдеби сыйлыққа өтінім 15 наурыздан бастап қабылданады