Үздік жаңалықтар
Үздікжаңалықтар
Бөлімдер
Жаңалықтар

Адам ағзаларын саудалаумен айналысты деген күдікті Польшадан экстрадицияланды

Польшадан адам ағзаларын сатқаны үшін іздеуде жүрген Украина азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Құзырлы органның мәліметінше, ол 2017-2018 жылдар аралығында трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі бола отырып, адам ағзаларын заңсыз сатып алу-сатумен айналысқан деген күдікке ілінген.

“Оның рөлі донорлар мен реципиенттер іздеу және олардың арасындағы кездесулерді ұйымдастыру, органдарды сатып алу-сату мен трансплантациялау операцияларын құпия ұстау және ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз ету болды.

Жалпы алғанда, қылмыстық топ мүшелері Қазақстан аумағында және басқа елдерде тірі адамдардың органдарына қатысты 56 заңсыз мәміле жасап, яғни Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында сатып алу-сату және кейіннен трансплантациялауды ұйымдастырған”, — делінген хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, бес жыл бойы халықаралық іздеуде болған.

Осы жылдың наурыз айында ол Польша шекарасын кесіп өтпек болған кезде ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланған.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауда отыр.

Бас прокуратура бұған дейін бұл қылмыстық ұйымның екі мүшесі Түркия мен Ресейден экстрадицияланғанын еске салды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз