2025 жылғы 26 желтоқсан, жұмада еліміз бойынша ауа райы қандай болатыны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтардың деректеріне сәйкес, Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райын солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер айқындайтын болады.
“Қар жауапы, боран соғады, еліміздің шығысына және орталығына қалың қар түседі деп болжанады. Республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп күтіледі”. “Қазгидромет” РМК-ның баспасөз қызметі
Сарапшылар атап өткендей, еліміздің солтүстік-батысында айтарлықтай жауын-шашын болмайды. Республика аумағында тұман, көктайғақ болып, жел екпін алуы мүмкін.
“Қазгидромет” РМК синоптиктері 25 желтоқсанда еліміздің бірнеше өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жариялаған болатын.
