Current Date: 14-03-2025

«Трейлер» термині

Фильмнің жарнамалық ролигін «трейлер» дейміз. Ол көрермендерді қызықтыру мақсатында бола­­шақ картинадан ең әсерлі сәттерді жинақ­­тап көрсетеді.

Енді мына қызыққа қараңыз. Ағылшын тілінде «trail» етістігінің негізгі мағынасы – «ар­ты­­нан ілесу», яғни логикаға сай трейлер фильм­­нің алдында емес, соңынан көрсетілуі керек еді. Шын мәнінде, 1912 жылы алғаш пай­да болған трейлерлер дәл осылай, фильм аяқ­­талғаннан кейін көрсетілетін. Бірақ кино­өнді­­рушілер бұл тәсілдің тиімсіз екенін бай­қа­ды, өйткені көрермендердің көпшілігі фи­нал­дық титрлардан кейін залдан шығып ке­те­тін. Осыған байланысты трейлерлерді ки­но­­сеанс басталмас бұрын көрсету дәстүрі қалып­тасты, бірақ термин тілімізде өзгеріссіз қалды.