Current Date: 14-03-2025

Ерте жүктіліктің алдын алу шаралары туралы

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депу­тат­тары «Жасөспірім қыздардың құқығын қорғау, ерте жүк­тілік­тің алдын алу» атты дөңгелек үстел өткізді.

Комитет төрағасы Нұртөре Жүсіп өз сөзінде жасөспірім қыздар­дың жүктілігі проблемасы кешенді тәсілді талап ететін құқық­тық және әлеуметтік өткір мәселе екенін атап өтті. Оның айтуынша, ерте ана болу жас аналар мен олар­дың бала­ларының денсаулығына кері әсерін тигізеді, білім алу мен толыққанды даму мүмкіндіктерін шектейді.

«Біздің дөңгелек үстел жасөспі­рім қыздардың құқықтарын қамтама­сыз ету жөнінде атқарылған және алдағы жұмыстарды талқылауға бағыт­талған. Профилактикалық шара­ларды күшейту, жастардың хабар­дарлық деңгейін арттыру, жасөс­пі­рімдерге дәрігерлік және психо­ло­гиялық қызметтердің қолже­тім­ділігін жақсарту басым міндеттер­дің қатарына жатады. Мекемеара­лық өзара іс-қимылдың тиімді тетік­терін әзірлеу де маңызды. Ол осы мәселені кешенді тәсілмен шешуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», деді Н.Жүсіп.

Отырыс барысында репродук­тивті денсаулық бойынша білім бағдарламаларының сапасын арттыру мәселелері, жасөспірімдер жүкті­лігінің алдын алудағы мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың рөлі, сондай-ақ жасөспірім қыздарды қолдау үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі шаралар талқыланды.

Қатысушылар кәмелетке толма­ғандардың құқықтарын қорғау жұмыстары тұрақты негізде жүргізі­ліп жатқанын атап өтті. Бұл бағытта мемлекеттік құрылымдар ғана емес, сонымен қатар қоғам­дық ұйым­дар, сарапшылар қауым­дас­тығы және халықаралық әріп­тестер де ерекше рөл атқарады.

Қатысушылар дөңгелек үстелді қорытындылай келіп, заң ережелерін жетілдіру, ағартушылық бастамаларды дамыту және өмірде қиын жағдайға тап болған жасөспірім­дер­ді қолдау жүйесін кеңейту жөнін­дегі жұмысты одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті.